Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі.

4.Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі.

1) Тіл дыбыстарын олардың сөз ішінде беретін ұғыммен ұштастыру

мақсатымен заттың суреттері көрсетіледі.

2) Тіл дамыту мақсатымен де жекелеген заттың суреттері немес сюжетті суреттер пайдаланылады.

3) Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, тәрбие беру мақсатымен де сурет және басқа көрнекіліктер қолданылады.

4) “Әліппе” кезеңінде суретті альфавит, кеспе әріптер, буындар, түрлі кестелер т.б. пайдаланылады.

Техникалық құралдар - көрнекіліктің техникалық процесс дәуірі туғызған жаңа түрлері. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану арқылы сауат ашу сабақтарының тиімділігін арттыруға болады. Алайда көрнекіліктерді пайдаланудың дұрыс болуы мұғалімнің іскерлігіне, ізденгіштігіне, шығармашылықпен жұмыс атқара білуіне байланысты.

Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі балаларды оқу қызметінің алғашқы күндерінен бастап оқуға үйретуді мақсат етеді және оларды жазу дағдысын меңгеруге де даярлай түседі. Ол үшін балаларға оқытуға дыбыс құрылысына қарай жеңіл, мағынасы түсінікті атаулар алынады.

Талдау-жинақтау әдісін қолданғанда жаңа дыбыс пен оның әрпін үйрету жолы былайша жүреді:

Т а л д а у ж ұ м ы с ы

- Әңгімеден сөйлемді бөліп алу.

- Сөйлемді сөздерге ажырату.

- Сөзді буындарға айыру.

- Буыннан жаңа дыбысты тауып, оны оқып үйрену.

- Дыбыстың баспа түрдегі әрпін көрсету.

Ж и н а қ т а у ж ұ м ы с ы

- Әріптерден буын, буындардан сөз құрау.

- Құрастырылған буындарды және сөзді оқу.

- Жаңа сөзді әліппе кітабынан оқу.

- Әліппедегі буын кестесін, сөздер мен сөйлемдерді оқу.

- Қолжазба әріпті көрсету.

5.Фонетиканы оқыту технологиясы.

1.Бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытудағы фонетикалық білімнің ролі.

Тіл дамыту балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты. Сондықтан балаларға сөйлеу үлгісін беру, яғни сөйлеу ортасын жасау қажет. Балалар мектепке алғаш келген күннен бастап-ақ оқу мен жазуға үйрене бастайды. Оқу да, жазу да - тілдің жүйесіне, оның фонетика, графика, лексика, грамматика, орфографиялық білімдеріне сүйенетін сөйлеу дағдылары.

Тіл дамыту оқушылар мен мұғалімнің бірлескен ұзақ уақытын талап етеді. Баланың сөйлеуіне, сөз қолданысына басқа сабақтар сияқты фонетика және графиканы түсіндіргенде тиімді тәсілдерді қолданып, дұрыс ұйымдастырылса едәуір нәтижеге жетуге болады. Сонымен тіл дамыту жұмысын мектепте дұрыс жолға қою үшін әр мұғалім оқулықтар мен әдістемелік құралдарды басшылыққа ала отырып, 1-2 сыныпта фонетика мен графика негіздерін оқытуға үлкен орын бөлген жөн.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)