Есімдікті оқыту ерекшелігі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Есімдікті оқыту ерекшелігі.

2.Есімдікті оқыту ерекшелігі.

Мектеп бағдарламасы бойынша есімдік сөз табы ретінде тек қана төртінші сыныпта өтіледі. Онда да есімдікті зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз екендігі жөнінде мағлұмат беріледі.

Бұл тақырыпты оқытудың негізгі міндеттері:

- есімдік туралы алғашқы түсінік беру, есімдіктің тілде атқаратын қызметін байқату, оқушыларды есімдікті сөйлеу тәжірибелерінде саналы түрде қолдана білуге үйрету;

- оқушыларды қажет жағдайда зат есімдерді есімдікпен алмастырып қолдануға дағдыландыру;

- жіктеу есімдіктерімен таныстыру, олардың үш жақта айтылатынын білдіру;

- жіктеу есімдіктерінің септелуін меңгерту.

3. Үстеуді оқыту жолдары.

Үстеудің лексикалық мәні іс-әрекеттің болуы жөнінде мәлімет беру екені, оның сөз таптары ішінде тек қана етістікке байланысты айтылатыны меңгертіледі. Іс-әрекетті білдіруі жөнінен оның қашан болуы туралы — мезгілін, қайда болуы туралы — орнын, қалай болуы туралы — жай-жапсарын айқындайтыны танытылады. Соған орай үстеудің мағыналық белгісі жөнінен мезгілдік үстеу, мекендік үстеу және қимыл-сын үстеу болып бөлінетіні түсіндіріледі. Олардың формалық (құрамдық) белгісі бойынша негізгі түбір күйдегі үстеулер үйретіледі.

Үстеуді төртінші сыныпта оқытуда көзделетін мақсаттың бірі — оның басқа сөз таптарынан езгеше лексикалық мәнін таныту. Бұл ретте үстеудің сөйлемдегі сөздермен байланысына назар аударылады, демек үстеулер етістікке бейім жұмсалып, істің әр алуан жағдайын айқындап тұратыны түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, етістік арқылы білдіретін іс-әрекетті айқындап, оның ұғымын үстемелеп көрсетеді.

4 Шылауды оқыту ерекшелігі.

Шылау сөздер — тіліміздегі сөз таптарының бірінен саналады. Сөз таптары лексикалық мағынасы, морфологиялық тұлғасы, синтаксистік қызметі сияқты үш белгісіне қарай ажыратылады. Ал, шылауларды алып қарасақ, бұл үш қасиетті оның жеке тұрғыдағы күйінен таба алмаймыз. Ол — өз алдына толық мағынасы жоқ, көмекші сөз деп танылады. Көмекші болғанда, басқа бір толық мағыналы сөзге ілесіп айтылу арқылы оған қосымша мағына үстейді. Ал, кейбір шылаулар дәнекерлік қызмет атқарады. Сөйтіп шылаулар сөйлем ішінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түскен жағдайда ғана белгілі мәннің пайда болуына жәрдемдесіп отырады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)