Орфография жұмыстарының түрлері. Орфографиялық талдау. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Орфография жұмыстарының түрлері. Орфографиялық талдау.

17.Орфография жұмыстарының түрлері. Орфографиялық талдау.

4. Орфография жұмыстарының түрлері.

Орфография зерттейтін объектілер мыналар:

1. Әріптердің жазылу емлесі.

2. Түбір мен қосымшалардың қолданылу жолдары.

3. Сөздің бөлек-бөлек не бірігіп, я дефис арқылы жазылу емлесі, қысқарған сөздердің жазылуы.

4. Бас әріптердің қолданылуы мен жазылуы.

5. Сөздің тасымалдану жолдары.

6. Шылау сөздердің жазылу емлесі.

Есту факторына негізделген жаттығу жұмыстарын оқыту практикасында диктант деп атау кеңінен орын алады. Бастауыш сыныптарда диктанттың ескерту, түсіндірмелі, терме, еркін, сөздік,  бақылау, өздік және шығармашылық тәрізді түрлері қолданылады. Ал, жаздырылатын материалдың сипатына қарай I сыныпта әріп диктанты, буын диктанты, сөз диктанты дейтін түрлер де пайдаланылады. Әлбетте, бұл диктанттар I сынып оқушыларының әріп, буын және сөз тануларына байланысты қолданылады. Сөйтіп, балалардың тиісті дыбыстың әрпін жазуды үйреніп келе жатқанын, белгілі буындардың құрамында неше әріп, қай әріптер бар екенін, буын жасап тұрған не әріп екенін қалай түсінетіндігін байқау үшін, сонымен бірге кемістіктерін қолма-қол түзетіп, дұрыс ұғым беру үшін жүргізіледі. Сонымен бұл диктанттардың оқушылар білімін байқау — бақылау мәні де, үйрету мәні де болады.

Бақылау диктанты әр сыныпта шамамен 5 рет (әр оқу тоқсаны сайын – 1 рет, оқу жылының қорытындысы бойынша – 1 рет) алынады.Диктантқа арналған сөз саны төмендегідей:

1-сынып - І жартыжылдықта 8-10 сөз, жыл аяғында 20-25 сөз.

2-сынып – І жартыжылдықта 30-35 сөз, жыл аяғында 35-40 сөз.

3-сынып – І жартыжылдықта 40-50 сөз, жыл аяғында 50-65 сөз.

4-сынып – І жартыжылдықта 65-70 сөз, жыл аяғында 75-80 сөз.

Сөздік диктанты:

1-сынып 1-8 сөз

2-сынып 8-12 сөз

3-сынып 12-15 сөз

4-сынып 15-20 сөз



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)