Артикуляциялық жаттығулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Артикуляциялық жаттығулар

Жеке сабақ жоспары

Күні:02.02.2016ж

Сыныбы: 6 «А»

Оқушы:Гүлжан

Өткізген: Спабек Дана

Сабақтың тақырыбы: «С» дыбысын дағдыландыру. «Г» және «К» дыбыстарын ажырату. «Ұстаз – ұлы тұлға» мәтіні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зейінін, ойлауын, ауызша сөйлеу тілін, естіп қабылдауын дамыту. «Г» және «К» дыбыстарын ажыратып оқытуға үйрету. «Ч» дыбысын сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Сабақта өзін дұрыс ұстауға, мұқияттылыққа, түзу отыруға үйрету.

Түзетушілік: «С» дыбысын дағдыландыру. «Г» және «К» дыбыстарын ажырату.

Көрнекіліктер: карточкалар, суреттер, кеспе мәтін.

Сабақ құрылымы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Тыныспен жұмыс

 III. Дауыспен жұмыс

 IV. Артикуляциялық жаттығулар

V. Дыбыспен жұмыс

 VI. Есту қабілетін дамыту

VII. Бекіту

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсің бе?!

- Па-па-па, дыбыс бар ма?

- Мен сұрақтар қоямын, сен жауап бересің. Тыңда:

- Қазір қай мезгіл?

- Бүгін ауа-райы қандай?

- Сен қай қалада тұрасың?

- Бүгін нешесі?

- Сен не істедің?

- Сәлеметсіз бе, апай?!

- Дыбыс бар.

 

 

- Қазір қыс мезгілі.

- Бүгін күн суық, қар жауып тұр.

- Мен Талдықорған қаласында тұрамын.

- Бүгін ақпанның 2-сі

- Мен сұрақтарға жауап бердім.

Тыныспен жұмыс

- Тыңда, мына сөйлемдерді бір тыныста оқы:

 

- Сен не істедің?

- Жарайсың!

 

 

- Қыс мезгілі келіп, күн суытты.

- Қыс мезгілі келіп, күн суытып, өзен-көлдерге мұз қатты.

- Қыс мезгілі келіп, күн суытып, өзен-көлдерге мұз қатып, дала ақ қарға оранды.

- Мен бір тыныста оқыдым

Дауыспен жұмыс

- Тыңда, көңіл аударуға тиісті сөздерді дауыстап айт.

 «Балалар табиғатта серуендеді»

- Балалар қайдасеруендеді?

- Кімдер табиғатта серуендеді?

- Балалар не істеді?

 

- Көңіл-күйді білдіріп оқы:

- Дала қандай тамаша!

- Далада ауа-райы тамаша.

- Далада ауа-райы қандай?

- Жарайсың!

 

 

- Балалар табиғатта серуендеді.

- Балалар табиғатта серуендеді.

- Балалар серуендеді.

 

- Дала қандай тамаша!(лепті)

- Далада ауа-райы тамаша.(хабарлы)

- Далада ауа-райы қандай?(сұраулы)

- Қара, тіл жаттығуларын жасаймыз:

- ине

- жылан

- сағат

Оқушы жаттығуды қайталап жасайды.

 

 

Дыбыспен жұмыс

- Тыңда, бүгін «С» дыбысымен жұмыс жасаймыз.

- Қара. Бұл не?

- Мынау не?

 

 

- Тыңда, бұл «С» дыбысының шырайы (айтамын, ауызбен көрсетемін)

- Буындарды оқы.

 

- Мына суреттерді ата.

- Қара, бұл қандай дыбыс?

- Бүгін «К», «Г» дыбыстарын ажыратып оқимыз.

- Тыңда.

- Нүкте орнына керекті әріпті қойып оқы:

 

- Тыңда. Мына суретке қарап, «Г» және «К» дыбыстарын қатыстырп сөйлем құрастыр.

 

 

- Бұл шырай

- Бұл ерін

- Бұл тіс

- Бұл тіл

 

 

- ас

- ос

- ус

- аса

- асо

- асу

- асе

- аси

-сағат, сурет, тас, себет, сағыз, асық, есік, су

- «К», «Г».

 

- шеле*, бесі*, есі*, бөрі*, те*ене, көлі*, сүлі*, білезі*, мер*ен, еті*, кө*ершін.

 

(құрастырады)

Есту қабілетін дамыту

- Гүлжан, өткен сабақта қандай мәтін өттік?

 

- Мен мәтінді оқимын, сен мұқият тыңда.

Ұстаз – ұлы тұлға

Ұстаз терең білімді адам. Ана да, дана да, ақында бәрі сол ұстаздан, білім алады. Ұстаздық – бар мамандықтардан биік.

Ұстаздарды құрметтеу, ардақтау міндетіміз. Ұстаз арқылы білім аламыз. Ұстаз әрқашан оқушыға бағдар беріп отырады. Мен ұстазымды сыйлаймын.

Қазіргі жастар білімді, саналы, тәрбиелі болу керек. Ұлы ойшыл, ғалым Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген.

- Мәтіндегі таныс сөздерді ата.

- Тыңда, мен оқимын, сен сөйлемдерді тауып оқы.

           - Өткен сабақта «Ұстаз – ұлы тұлға» мәтінін өттік.

 

(мәтіндегі өзіне таныс сөздерді айтып береді)

(кеспе сөйлемдерді тауып оқиды)

- Гүлжан, сен бүгін қандай мәтін оқыдың?

- Сен бүгін сабақта не істедің?

 

 

- Сау бол!

- Мен «Ұстаз – ұлы тұлға» мәтінін оқыдым.

- Мен мәтін оқыдым.

- Мен сұрақтарға жауап бердім.

- Мен ойландым

- Дыбыстарды қадағаладым

 

- Сау болыңыз!

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)